Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 10:44 Сурет: Instagram/ibragim_betaev
Қазақстандық боксшы Ибрагим Бетаев Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Ибрагим Бетаев Оңтүстік Корея өкілі Сангин Пакпен кездесіп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері турнирдің финалына жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Өзбекстан өкілі Самир Собировпен жұдырықтасады. Самир Собиров жартылай финалда Қырғызстан боксшысы Мұхамед Дурсуновты жеңген болатын.

Айта кетейік, жастар (U-19) және 23 жасқа дейінгі (U-23) спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Индонезияның Джакарта қаласында 3–16 шілде аралығында өтіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: