Астанада халықаралық World Tennis W15 турнирінің алғашқы аптасы аяқталды
Сурет: ktf.kz
Астанада хард корттарында өткен World Tennis W15 санатындағы халықаралық турнирдің алғашқы жарыс аптасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстар 6-12 шілде аралығында өтті. Жекелей сында 64 теннисші (32-сі негізгі кезеңде, 32-сі іріктеу кезеңінде) бақ сынаса, жұптық сында 16 жұп чемпиондық атақ үшін таласты.
Қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже Аружан Сағындықованың финалға дейін жетуі болды. Жекелей сындағы шешуші кездесуде ол ресейлік Екатерина Маклаковаға есе жіберді.
"Бұл апта өте қиын өтті. Матчтар аптап ыстықта өтті, ал қарсыластардың деңгейі өте жоғары болды. Әрине, финалда өзім күткен ойынды көрсете алмадым, сондықтан нәтиже де көңілдегідей шыққан жоқ. Дегенмен, өз елімде өткен турнирде финалға дейін жеткеніме қуаныштымын. Ең есте қалғаны – жартылай финалдық матч. Біз шамамен 35 градус ыстықта ойнадық. Үшінші сетте есеп 5:1 болғанның өзінде өте ауыр болды, өйткені қарсыласым әр доп үшін соңына дейін күресті. Шаршағаныма қарамастан, кездесуді жеңіспен аяқтай алғанымды мақтан тұтамын. Енді жақсылап қалыпқа келіп, алдағы турнирлер мен Қазақстан чемпионатына дайындалу керек. Осындай жақсы деңгейдегі ойынымды жалғастыра аламын деп үміттенемін", – деді Сағындықова.
Жұптық сында қазақстандық Асылжан Арыстанбекова мен Инкар Дүсебай финалға дейін жетті. Алайда чемпиондық матчта олар Гайыль Джанг пен Мария Шолоховаға жол берді.
Астанадағы халықаралық жарыстар жалғасуда. Ұлттық теннис орталығының Beeline Arena корттарында World Tennis W15 турнирінің екінші аптасы басталып, ол 19 шілдеге дейін жалғасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript