Артем Матусевич әлем чемпионатының тарихи жүлдесі туралы: финалда өз жұмысымды атқардым

Артем Матусевич әлем чемпионатының тарихи жүлдесі туралы: финалда өз жұмысымды атқардым, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 19:51 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ескекші Артем Матусевич жуырда академиялық ескек есуден өткен U23 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл медаль Қазақстанның осы спорт түрі бойынша жастар арасында әлем чемпионаттарындағы алғашқы жүлдесі болды.

Cпортшы финалдағы өнері мен 2026 жылғы Азия ойындарына қатысуы туралы айтып берді.

"Финалдан кейін кеудемді қуаныш пен зор мақтаныш кернеді. Жүлдегерлер қатарына қосылғаныма қатты қуандым.

Жарысқа тыңғылықты дайындалдық: қарқынды жаттығулар жасап, қатаң тәртіпті ұстандық. Орасан зор жұмыс атқарылды. Мен жарысқа толық дайын екенімді түсіндім және сол дайындықтың нәтижесін көрсету ғана қалған еді. Алаңдамауға, уайымдамауға, сабыр сақтап, жарысқа дұрыс көңіл күймен шығуға тырыстым. Финалда өз жұмысымды ойдағыдай атқарып, жүлдегерлер қатарынан көріндім. Бұған өте қуаныштымын.

Биылғы жылдың басты жарысы қыркүйек айының соңында Жапонияда өтетін Азия ойындары болмақ. Қазір бар күшімізді дайындыққа жұмсап жатырмыз және сол додада өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге тырысамыз", – деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: