Жеңіл атлетикадан АҚШ-та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Жеңіл атлетикадан АҚШ-та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 20:50 Сурет: olympic.kz
Ертең, 5 тамызда, АҚШ-тың Орегон штатында жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының сапында 11 спортшы бақ сынайды. Құрамаға мына спортшылар енді:

- Максим Сажнев (диск лақтыру)

- Шерхан Егізбай (5000 метрге спорттық жүріс)

- Егорь Струков (5000 метрге спорттық жүріс)

- Глеб Гладилов (үш қарғып секіру)

- Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Маргарита Стороженко (5000 метрге спорттық жүріс)

- Анна Черкашина (сырықпен секіру)

- Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

- Софья Киденко (400 метрге жүгіру)

Әлем чемпионаты 9 тамызда аяқталады. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1800-ден астам жеңіл атлет қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: