"Челси" мен "Ювентус" кездесуі: қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берілді
Сурет: Instagram/d__satpayev
Flashscore спорттық статистика сервисі Ұлыбританияның "Челси" құрамасы мен италиялық "Ювентус" арасындағы жолдастық матчтан кейін футболшылардың бағаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, кездесу Гонконгта өтіп, туриндік клубтың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 68-минутта Эдон Жегрова соғып, "Ювентусқа" жеңіс сыйлады.
Ойын қорытындысы бойынша Flashscore мамандары қазақстандық "Қайрат" клубының түлегі Дастан Сәтпаевқа 6,5 ұпай берді.
Кездесуге қатысқан барлық футболшылардың ішінде ең жоғары бағаны Эдон Жегрова алды. "Ювентус" жартылай қорғаушысы өз ойыны мен жеңіс голы үшін 7,8 ұпай жинап, статистикалық сервистің нұсқасы бойынша матчтың үздік футболшысы атанды.
Бұған дейін сапында Дастан Сәтпаев та өнер көрсететін "Челси" маусымалды ойындарда екі рет жеңіліс тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript