Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады

Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 19:40 Сурет: olympic.kz
Жапонияның Киото қаласында өткен ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін төрт медальмен аяқтады.

Кирилл Тубаев байдаркамен ескек есуден 10 шақырымдық жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Ал Полат Төребеков 10 шақырымдық қашықтықта каноэмен ескек есуде топ жарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін, Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3 400 метр қашықтықта үздік атанса, Полат Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: