Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өтіп жатқан W75 санатындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда әлемдік рейтингте 630-орында тұрған Жиенбаева WTA рейтингінің 230-сатысындағы Ұлыбритания өкілі Амарни Бэнкс Даднимен кездесті.
Бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Соня Жиенбаева жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Финалға шығу үшін Соня әлемдік рейтингте 324-орында тұрған жапониялық Оливия Сайгомен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript