Дияр Нұрғожай UFC-дегі екінші жеңісіне нокаутпен жетті
Сурет: instagram/Nurgozhay_Diyar
Өткен түні қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (11-2) америкалық UFC промоушеніндегі төртінші жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Бруно Лопесті (14-3) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай ауыр салмақтағы бұл жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 284 турнирі аясында ұйымдастырылды.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық спортшы бірінші раундтың соңғы секундында қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша, Дияр Нұрғожай ММА-дегі 12-жеңісіне қол жеткізді. Оның кейінгі екі жеңісі қатарынан UFC октагонында тіркелді.
Қазір әлемдегі ең ірі промоушендегі Нұрғожайдың рекорды – екі жеңіс және екі жеңіліс.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript