Геннадий Головкин ресми түрде ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды

Геннадий Головкин ресми түрде ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 17:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті.

Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды.

Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді.

ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: