Елена Рыбакина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2026 21:33 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымнан босатылған болатын. 1/32 финалда ол WTA рейтингінің 94-сатысындағы америкалық Тейлор Таунсендпенкездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 6:4есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 19 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Польша өкілі Магдалена Френхпен (WTA №41) кездеседі. Ол өз кезегінде турнирден латвиялық Елена Остапенконы (WTA №30) шығарды.

Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен болатын. Биыл қазақстандық теннисші 390 рейтингтік ұпайын қорғауға тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: