Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Cобеленконы артқа тастап, көш бастады
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің қорытындысы бойынша WTA чемпиондық жарысында қайтадан бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Канададағы жарыста қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, чемпиондық жарыста бірден екі сатыға жоғарылады. Қазіргі таңда Рыбакинаның еншісінде 5277 ұпай бар.
Екінші орында 5065 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр.
Бұған дейін чемпиондық жарыста көш бастаған ресейлік Мирра Андреева 5064 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Торонтодағы турнирдің чемпионы атанған польшалық Ига Швентек екі сатыға көтеріліп, 2954 ұпаймен оныншы орынға шықты.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева бір саты төмендеп, WTA чемпиондық жарысында 760 ұпаймен 57-орынға орналасты.
Айта кетейік, WTA чемпиондық жарысында теннисшілердің осы маусымдағы нәтижелері есепке алынады. Оның қорытындысы бойынша WTA Итогтық турниріне қатысатын теннисшілер анықталады
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript