Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирін сәтті бастады

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2024 10:10 Сурет: Jimmie48/WTA
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдегі матчын сәтті бастады. Ол даниялық Клара Таусонды ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина бұл турнирді екінші айналымнан бастады.

2 сағат 26 минутқа созылған кездесу 3:6, 7:5, 6:4 есебімен аяқталып, қазақстандық теннисші жарыстың үшінші кезеңіне өтті.

Рыбакинаның келесі қарсыласы америкалық Тейлор Таунсенд болады (№72). Былтыр Майамиде қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген (6:7, 2:6) еді.

Рыбакина наурыздың басында денсаулығына байланысты Индиан-Уэллстегі "Мастерс" санатындағы турнирге қатысудан бас тартқан еді.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ресейлік Людмила Самсонованы 6:1, 4:6, 6:3 есебімен ұтып, Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: