"Чарльтон Атлетик" стадионында ер адамның денесі табылды
Сурет: pixabay
Команда сайтындағы ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдары өкілдері дүйсенбінің таңында анықталған жағдайға байланысты стадионға келген. Ер адамның өлі денесі табылып, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлі күйде екенін растады.
Оқиғаның мән-жайы әзірге анықталып жатыр. Полиция қандай дa бір ақпаратқа ие немесе оқиға куәгері болғандардың барлығын қозғалған істің 2809/18AUG нөмірін атап, 101 нөміріне хабарласуға шақырды.
"Чарльтон Атлетик" қаза тапқан адамның отбасына, достары мен жақындарына көңіл айтты. Клуб өкілдерінің бұл оқиғаға қатысы бар деп болжауға ешқандай негіз жоқ екенін баса атап өтті. Сондай-ақ басшылық қызметкерлерге қиын жағдайда танытқан кәсібилігі үшін алғыс білдірді.
Бұған дейін Астанада футболдан жаттығу кезінде қақпа құлап, 9 жасар бала жарақат алғанын жазғанбыз.