Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды

Таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 17:07 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түссе, Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: