Балуан Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола медальға ие болды
Сурет: olympic.kz
Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлем біріншілігі аясында Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ Бейбарыс Ерғали 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниге жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript