"Аль-Наср" Роналдусыз және 10 ойыншымен камбэк жасап, "Аль-Иттифакты" жеңді
Сурет: Instagram/alnassr
Сауд Арабиясының футбол чемпионатында "Аль-Наср" сырт алаңда "Аль-Иттифакты" 3:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Криштиану Роналду екінші таймда алаңнан ауыстырылды, ал команда бірінші таймда қақпашысынан айырылып, бір ойыншы кем құраммен қалды.
Матч барысында "Аль-Наср" 74-минутқа қарай 0:2 есебімен ұтылып жатқан. Ондрей Дуда мен Альваро Медрана қарсылас қақпасына гол соқты.
Бұған қоса, кездесудің басында "Аль-Наср" қақпашысы Бенто Крепски қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Үзілісте команданың капитаны Криштиану Роналду алаңнан ауыстырылып, оның орнына Абдулла Аль-Хайбари шықты. Осыдан кейін "Аль-Наср" есепті қысқа уақытта өзгерте алды.
74-минутта Садио Мане бір голдың қарымтасын қайтарды. Араға бірнеше минут салып Абдулела Аль-Амри есепті теңестірді. Ал төреші қосқан уақытта Мане дубль жасап, командасына 3:2 есебімен жеңіс сыйлады.
Осы жеңістен кейін "Аль-Наср" Сауд Арабиясы Суперлигасының турнир кестесінде 9 ұпаймен жеке-дара көш бастады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript