VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бірінші күннің нәтижесі
Сурет: 24.kg
Қазақстан құрамасы жарыс регламентінде бекітілген 42 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысады. Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көкпардан әлем чемпионы, команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек ұстап шықты.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы ордо (асық ату), тогуз коргоол (тоғызқұмалақ), кураш, гореш, монгол бох спорт түрлері бойынша бақ сынады.
Тоғызқұмалақшылар 6 қыркүйекке дейін ойнайды. Ал асықшылардың ақтық ойындары 2 қыркүйекке жоспарланған. Кураш бойынша белдескен Жарылғапов Нұрдәулет ирандық балуаннан жеңілді. Монгол бох спортынан Амангелді Ерасыл мен горештен өнер көрсеткен Абдрахманов Мадияр қарсыластарына есе жіберді. Аталған үш күрес бойынша жарыс аяқталды.
Ертең, 2 қыркүйекте, көкпар, көкбөрі, эр еңиш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тогуз коргоол (тоғызқұмалақ), ат марафоны, ордо, құсбелігік, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, таяқ тарту, арқан тарту, сумо, стронгмэн, омыртқа сындыру бойынша жарыстар өтеді.