Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды

Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 13:42 Сурет: instagram/yulia_putintseva
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 84-ракеткасы) US Open турнирінің екінші айналымында қытайлық Чжэн Циньвэньге есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының мәліметінше, қазақстандық теннисші матч барысында үш эйс жасап, төрт рет қосарланған қателік жіберді. Ол тоғыз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал оның қарсыласы тоғыз эйс жасап, бес рет қосарланған қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Матч 2 сағат 39 минутқа созылып, қытайлық теннисшінің пайдасына 6:4, 2:6, 6:1 есебімен аяқталды. Келесі айналымда Чжэн Циньвэнь АҚШ өкілі Мэдисон Кизбен кездеседі.

US Open-2026 турнирі Нью-Йоркте 30 тамыздан 13 қыркүйекке дейін өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 49 миллион долларды құрайды.

Жарыстың қазіргі чемпионы – Арина Соболенко. Ол былтырғы турнирдің финалында АҚШ өкілі Аманда Анисимованы жеңген.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Рыбаклинаның US Open турнирінің екінші айналымына шыққаны үшін қанша жүлде алғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: