Үш сағаттық тартыс: Бублик US Open турнирінің үшінші айналымында Полдан ұтылды
Сурет: ktf.kz
Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады. Қазақстанның бірінші ракеткасы үшінші айналымда америкалық Томми Полға есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу 3 сағат 15 минутқа созылып, Пол 6:4, 3:6, 7:6 (7:4), 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бублик 16 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және жеті брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Пол он эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Енді Томми Пол төртінші айналымда Карлос Алькараспен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript