Бублик алғаш рет US Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Сурет: ktf.kz
31 тамызда әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик пен АТР рейтингінде 14-орында тұрған америкалық Томми Пол US Open турнирінің үшінші кезеңінде кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші тартысты ойында қарсыласын 7:6, 6:7, 6:3, 6:7, 6:1 есебімен ұтып, өз карьерасында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының төртінші кезеңіне жолдама алды.
Матч 3 сағат 40 минутқа созылды.
Бұған дейін қос спортшы үш мәрте кортта жолығып, үшеуінде де америкалық жеңіске жеткен еді.
Бублик төртінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript