Бибісара Асаубаева Global Chess League турнирінде тағы бір жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева Global Chess League турнирінде тағы бір жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2026 10:42 Сурет: Instagram/stlchessclub
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, FYERS American Gambits командасының намысын қорғап жүрген қазақстандық шахматшы Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті.

Бибісара 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, Бибісараның еншісінде екі жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар.

Тоғыз турдан кейін FYERS American Gambits командасы үшінші орында келеді.

Global Chess League-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры – 1 млн доллар (454 млн теңге). Жарыс Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: