US Open чемпионы атанған Рыбакина қанша табыс тапқаны белгілі болды

Табыс, US Open, чемпион, Рыбакина  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 10:14 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзінің кәсіби мансабында алғаш рет АҚШ Ашық чемпионатында (US Open) жеңіске жетіп, рекордтық көлемдегі сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, US Open финалында әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенконы жеңу (6:4, 5:7, 6:2) арқылы Еленаға 5 миллион 500 мың доллар (2 миллиард 480 миллион 5 мың теңге) сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай бұйырды.

US Open-дегі жеңіс - Рыбакина үшін "Үлкен дуылға" турнирлеріндегі үшінші титулы. Сонымен қатар, Рыбакина "Уимблдон" (2022) мен Australian Open (2026) жеңімпазы болып табылады.

Қазақстандық теннисші 2026 жылғы АҚШ Ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін өз мансабында тұңғыш рет WTA рейтингінде көш бастайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: