Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері атанған полицейлер марапатталды

Марапаттау, ҚР ІІМ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, алтын медаль, күміс медаль, полицейлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 21:34 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР ІІМ-де VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғаған спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтіп, оған 109 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ІІМ өкілдері де өнер көрсетіп, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

"Барлық жүлдегер - Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубының өкілдері". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
  1. Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 әскери бөліміндегі спорт командасын даярлау орталығының спорт жөніндегі аға нұсқаушысы Болат Сапар самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
  2. Шығыс Қазақстан облысы ПД процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы Достан Ошабаев арқан тартыстан алтын медаль жеңіп алды.
  3. Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.
Марапаттау, ҚР ІІМ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, алтын медаль, Болат Сапар, полицей, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 21:34

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, жоғары спорттық жетістігі үшін Болат Сапар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ие болып, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды.

ІІМ-де өткен салтанатты кездесуде спортшыларға жоғары нәтижелері, жеңіске деген жігері және халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар беріліп, марапаттар табысталды.

11 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: