Полицей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды

Полицей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 11:38 Сурет: polisia.kz
Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкері Асылмұрат Бірімжан мас-рестлингтен қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицей 65 келі салмақта додаға түсіп, моңғолиялық спортшыны 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Сурет: polisia.kz

Асылмұрат Ұлытау ауданы Шеңбер ауылында дүниеге келген.

Сурет: polisia.kz

Жұбайы екеуі бір ұлды тәрбиелеп отыр. Жастайынан спортты жанына серік етіп, түрлі жарыстарда жеңіске жеткен.

Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде көш бастап тұрғаны белгілі болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: