Асқар Нарқұлов Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Асқар Нарқұлов Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 10:13 Сурет: Zakon.kz
Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына дзюдодан екінші қола жүлдені Асқар Нарқұлов салды.
"Асқар дзюдо спорт түрінен 73 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде қырғыз елінің спортшысын жеңді. Алғашқы белдесуде Қытай елінің дзюдошысынан басым түсіп, одан кейін Монғолия мемлекетінің спортшысына есе жіберіп, қанағаттандыру белдесуінде италиялық спортшыны ұтты", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Бүгінгі медальдық есеп бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 2 күміс, 2 қола жүлде бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: