Юлия Ли маунтинбайктан Азия чемпионатындағы екінші жүлдесін жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Юлия Ли Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жастар санатында сынға түскен спортшы XCO дисциплинасында қола медаль жеңіп алды. Юлия Ли жарыс жолын 1:24:10 уақытта аяқтап, үздік үштікке енді.
Алтын медальді қытайлық Ван Тин жеңіп алды. Күміс жүлдеге оның отандасы Гун Сыин ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Ли Азия чемпионатында XCC дисциплинасында да қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript