Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2026 21:05 Сурет: olympic.kz
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүлде иегері Ирина Бакалдина болды. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы шпага сайысында чемпион атанды.

Бакалдина финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Гонконг өкілі Се Кэйлин Синь Янмен кездесті. Тартысты өткен бәсеке қазақстандық семсерлесушінің 15:12 есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда Ирина Бакалдина командалық сайыстағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сон Се Раны (Оңтүстік Корея) жеңген болатын.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын осы қару түрінен ерлер арасында Руслан Курбанов қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: