Семсерлесуден Азия чемпионаты: қазақстандық шпагашылар алтын медаль иеленді

Семсерлесуден Азия чемпионаты: қазақстандық шпагашылар Олимпиада чемпиондарын жеңіп, алтын медаль иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 18:01 Сурет: olympic.kz
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың кезекті күнінде ерлер арасындағы шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды.

Финалға Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходовтан құралған команда шықты. Шешуші кездесуде қазақстандық шпагашыларға соңғы екі Олимпиада ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп алған Жапония құрамасы қарсы тұрды.

Тартысты әрі шиеленісті өткен кездесуде Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Жекелей сындағы шпага бәсекесінде Ирина Бакалдина алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар ерлер арасындағы командалық қылыш сайысында Қазақстан құрамасы қола медаль иеленген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: