Роналду "Аль-Насрдан" қаңтар айында кетуі мүмкін
Сурет: Instagram/cristiano
Саудиялық журналист әрі инсайдер Сауд әл-Сарами Криштиану Роналдудың "Аль-Насрдағы" мансабын жалғастыру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, португалиялық футболшы саудиялық клубтан қысқы трансферлік кезең кезінде, яғни қаңтар айында кетуі мүмкін.
"Менің ойымша, Криштиану Роналду қаңтарда "Аль-Насрдан" кетеді", – деп мәлімдеді әл-Сарами.
Жұлдызды шабуылшы 2023 жылдың басынан бері Эр-Рияд клубының намысын қорғап келеді.
БАҚ-та бұған дейін Роналду мен клуб басшылығы арасында трансфер саясатына байланысты келіспеушіліктер болғаны туралы ақпарат бірнеше рет тараған. Алайда 2026 жылы "Аль-Наср" көптен күткен Сауд Арабиясы Про-лигасының чемпионы атанды.
Сондай-ақ Криштиану Роналду мансабын 2027 жылы аяқтауы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасында кіммен және қашан ойнайтыны белгілі болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript