Михаил Шайдоров Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша үшінші орын алды

Михаил Шайдоров Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша үшінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 12:50 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде жаңа жарыс маусымын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Шайдоров өз бағдарламасын орындағаны үшін 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға жайғасты.

Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында – 99,10 ұпай алған Италия өкілі Даниэль Грассль.

Ондрей Непела мемориалы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясына кіреді.

Ал Шайдоров үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарыс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: