Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштіктің қатарынан көрінді
Сурет: Сали Сабиров
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңартылған әлемдік рейтинг ISU сайтында жарияланды. Екінші орында тұрған жерлесіміз 4 193 рейтингтік ұпайға ие.
Әлемдік рейтингтің көшбасында АҚШ өкілі Илья Малинин тұр: 4 590 ұпай. Үшінші орынды 4 123 ұпаймен жапондық Юма Кагияма місе тұтқан.
Михаил Шайдоров үшін бұл - ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Братиславада өткен ISU Challenger Memorial Ondrej Nepela сериялы турнирінің қола жүлдегері атанған болатын. Ол Михаилдың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысы болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript