Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 17:29 Сурет: olympic.kz
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрымды дзюдошымыз 48 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Мицуки Кондомен кездесті.

Нәтижесінде Жапония өкілі жеңіске жетті.

Осылайша Әбиба қатарынан екінші рет Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: