WTA Мирра Андрееваға қатысты тарихи шешім қабылдады
Сурет: Instagram/lenarybakina
Sports.kz басылымының жазуынша, мұндай нәтижеге ол Бейжіңде өткен WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша қол жеткізді. Турнирдің финалында Мирра Қытай өкілі Чжэн Циньвэньге есе жіберді.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған жекелей сындағы рейтингінде Андреева қазақстандық Елена Рыбакина мен Беларусь өкілі Арина Соболенконың ізін ала үшінші орынға жайғасты. Бұған дейін ресейлік теннисші рейтингте бесінші орында болған.
Бейжіңдегі турнирдің финалдық кездесуі 7:5, 6:4 есебімен Чжэн Циньвэннің пайдасына аяқталды. Қытайлық теннисші турнирдегі жеңісінің арқасында рейтингте бірден 31 сатыға көтеріліп, 23-орынға орналасты.
Бұған дейін Мирра Андрееваның 2026 жылғы WTA маусымындағы көрсеткіштері бойынша Елена Рыбакина мен Арина Соболенкодан озып кеткені хабарланған болатыны.