Қазақстан күрестен U23 әлем чемпионатын жеті медальмен аяқтады

Қазақстан күрестен U23 әлем чемпионатын жеті медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 20:37 Сурет: olympic.kz
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған додада Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, біреуі күміс, үшеуі қола жүлде.

Еркін күрестен Мерей Базарбаев (57 келіге дейін) жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Грек-рим күресінің шеберлері Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Темірлан Тұрдақын (87 келіге дейін) екінші орын алды. Ал Арсен Жұма (55 келіге дейін) мен Джохар Узаров (130 келіге дейін) қоламен жарысты аяқтады.

Әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: