U19 Әлем чемпионаты: Қазақстанның төрт боксшысы "алтынға" таласады

Бокс, Черногория, Әлем чемпионаты, финал, Алина Құдайгенова, Бибарыс Әшірбай, Зарина Толыбай, Владислав Саможонов , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 17:27 Сурет: olympic.kz
Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында жартылай финал өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға шықты.

Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, финал 27 қазанда Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Бұған дейін грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан Әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медальға ие болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: