Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың қола медалі үшін Жапония өкілі Махиро Ешитакемен күш сынасты.
Белдесу 6:4 есебімен жапониялық балуанның пайдасына аяқталды.
Осылайша, Жәмила Бақбергенова елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қазақстандық балуанның еншісінде әлем чемпионатының үш күмісі және бір қола медалі бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript