Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды

Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 20:46 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Ле Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта нысана көздеу сайысында жүлдеге таласты.

Финал қорытындысы бойынша Александра Ле жетінші орын алды.

Бұл сында сербиялық Александра Стоядинович жеңімпаз атанды. Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Сехи О иеленсе, жапониялық Мисаки Нобата үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, жүлдегерлер өз құрамасына Олимпиада ойындарының жолдамасын да алып берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: