Қазақстан керлингтен іріктеу турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан керлингтен іріктеу турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 19:37 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның ерлер құрамасы Абердинде (Шотландия) өтіп жатқан керлингтен іріктеу турнирінде өнер көрсетуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз Австрияны 7:4 есебімен жеңді.

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесіп, қарсыласына 1:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт матчтың екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліп қалды. Қазіргі уақытта біздің команда А тобында бесінші орында тұр.

Төрт кездесудің барлығында жеңіске жеткен Норвегия мен Түркия көш бастап келеді.

Бүгін, 10 қарашада, Қазақстан Мексикамен кездеседі.

Еске сала кетейік, турнир қорытындысы бойынша үздік алты құрама 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: