Александр Бублик Санкт-Петербургтегі турнирге қатысады

Александр Бублик Санкт-Петербургтегі турнирге қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 12:28 Сурет: instagram/bublik
Әлемдік рейтингте 26-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Ресейде өтетін көрме турниріне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, қазақстандық теннисші бұл жарысқа төртінші жыл қатарынан қатыспақ. Ал турнирге қатысатын спортшылардың толық құрамы алдағы уақытта жарияланады.

"Солтүстік астана кубоктары" турнирі 2026 жылғы 27-29 қараша аралығында Санкт-Петербургте өтеді.

Айта кетейік, қазан айының соңында өткен Almaty Open турнирінде Бублик ресейлік Даниил Медведевпен жартылай финалдық кездесуді аяқтай алмаған еді. Осыдан кейін қазақстандық спортшы маусымды мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Александр Бублик мансабында алғаш рет ATP әлемдік рейтингінің үздік он теннисшісінің қатарына енді.

Ал 12 қарашада Туринде ATP қорытынды турнирінің жеребесі тартылды. Оған қазіргі уақытта әлемнің үздік сегіз теннисшісі қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: