Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 14:14 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұптық сында отандасымыз словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Финалдық кездесуде олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшек жұбын 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңді.

Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші және WTA 125 санатындағы турнирлердегі екінші титулы болды. Қыркүйек айында қазақстандық теннисші австралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыстың жұптық сынында топ жарған болатын.

Жалпы, 2026 жылы Құламбаева жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы Халықаралық теннис федерациясының (ITF) турнирлерінде тіркелді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында жеңімпаз атанды.

Колумбиядағы табысты өнерінің арқасында Жібек Құламбаева жұптық сындағы әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартады. Дүйсенбі, 16 қараша күні қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 86-орынға көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: