Елена Рыбакина 2026 жылды WTA турындағы ойынын ең көп табыс тапқан теннисші ретінде аяқтады
Сурет: Instagram/LenaRybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйелдер арасындағы кәсіпқой теннис турындағы жүлде қоры бойынша көш бастады. Ол 2026 жылы барлық турнирде жалпы 11 134 420 доллар табыс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар қазақстандық спортшы биылғы маусымды WTA рейтингінің бірінші сатысында аяқтап, 8 099 ұпай жинады.
Табыс көлемі бойынша тізімде одан кейін ресейлік Мирра Андреева (10 522 615 доллар) мен Беларусь өкілі Арина Соболенко (8 585 243 доллар) тұр.
Бұл екі теннисші WTA рейтингінде де Рыбакинадан кейінгі орындарға жайғасқан.
Айта кетейік, аталған сомаларға тек турнирлерде тапқан табыс кіреді. Жарнамалық келісімшарттар мен басқа да коммерциялық кірістер есепке алынбаған.
2026 жылы Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанып, бұл бәсекеде басты қарсыласы Арина Соболенкодан басым түсті.
Екі теннисші де Аустралия мен АҚШ ашық чемпионаттарының шешуші матчтарында кездескен. Екі жағдайда да жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript