Еліміз легионерлер есебінен 8 млрд теңге үнемдеген
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2026 жылғы 19 қарашада ОКҚ-да өткен брифинг барысында кәсіби спортты қаржыландыруға қатысты енгізілген өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ербол Мырзабосынов Қазақстанда легионерлерді қаржыландыруға бюджет қаражатын пайдалануға заңнамалық деңгейде тыйым салынғанын және кәсіби клубтарды қаржыландырудың бірыңғай лимиттері белгіленгенін еске салды.
"Нәтижесінде, 2026 жылы легионерлерге жұмсалатын шығындар бюджеттен алынып тасталды. Реформалардың жиынтық экономикалық тиімділігі 8 млрд теңгеден асты", – деді министр.
Оның айтуынша, үнемделген қаражат балалар мен жасөспірімдер спортына, бұқаралық спортты дамытуға, ұлттық құрамаларды даярлауға және спорт инфрақұрылымын нығайтуға бағытталып жатыр.
Айта кетсек, Қазақстанда 15 мыңға жуық ауыл баласы спорт жарыстарына қатысады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript