Қазақстанда 2026 жылы екі жаңа казино құрылысы басталады

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, ставки, лудомания, игромания, азартная зависимость, игровые автоматы, игровой автомат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 13:47 Фото: pixabay
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 9 маусымда Үкіметтегі брифинг барысында елімізде жаңа казино нысандарын салу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, құмар ойындарға арналған жаңа кешендер Қазақстанның екі өңірінде бой көтермек.

"Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа ойын аймақтары үшін жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өтуде. Әзірге Алматы облысындағы Ақбұлақ аумағы бойынша нақты түсінік бар, онда белгілі бір инфрақұрылым дайындалған. Басқа өңірлер бойынша жұмыстар жалғасып жатыр", – деді министр.

Оның айтуынша, Алматы облысындағы жаңа казино 2027 жылы пайдалануға берілуі мүмкін.

Сондай-ақ тағы бір казиноны Маңғыстау облысы аумағында салу жоспарланған.

"Маңғыстау облысында да жобаны келесі жылы іске асыру көзделіп отыр. Ал басқа өңірлер бойынша инвесторларды анықтау жұмыстары әлі жалғасуда", – деп түйіндеді Туризм және спорт министрі.

Бұған дейін елімізде ұлттық парктер аумағына қонақүйлер, визит-орталықтар мен қазақ ауылдарын салу жоспарлануда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: