Жаңалықтар тізбегі
0

Камералдық бақылау – көлеңкелі экономикамен күресуге көмектеседі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2019 23:49 zakon.kz
Камералдық бақылау заң бұзушылықтың тәуекелі ең жоғары деген жерлерде жүргізіледі

ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев камералдық бақылау мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты қандай? Қазір ол қаншалықты тиімді?

– Камералдық бақылаудың алғашқы мақсаты салық төлеушіге анықталған бұзушылықтарды айыппұл шараларын қолданусыз дербес жою құқығын беру болып табылады. Тиімділігіне қатысты айтатын болсақ, 2018 жылы қойылған 100 мыңға жуық хабарламалар бойынша бюджетті 120 млрд. теңгеге толтыра алдық. Осы ретте, салықтық тексерістер жүргізбей-ақ, анықталған бұзушылықтар туралы хабарлау арқылы салық төлеушілер өз еркімен осы бұзушылықтарды жоятын салықтық декларациялар тапсырады.

– Камералдық бақылау көлеңкелі экономикамен күресуде көмектеседі ме?

– Сөзсіз. Салық төлеушілердің қызметіне тұрақты түрде жүргізілетін талдау жасырылған кірістерді бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер салық төлеуші өзінің сатуын декларацияламаған болса онда ол салық төлеушіге міндетті түрде хабарлама жолданады. Осындай фактілерді анықтау үшін қажетті техникалық мүмкіндіктер бізде бар. Салық заңнамасы шыңдалуда, әкімшілендірудің мүлдем жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін электронды шот-фактуралар түсінігі енгізілді. Біз қандай шот-фактуралар кіммен қойылып жатқанын көреміз, Тәуекелдерді басқару жүйесі жалпы массадан аса тәуекелді операцияларды бөліп көрсетуге және олар бойынша тиісті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

– Салық төлеушілер камералдық бақылаумен қаншалықты толық қамтылады?

– Бақылау бұзушылық ең жоғары тәуекелі бар жерлерде жүргізіледі. Ал бұл анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар жаппай барлық салық төлеушілерге жолданбайды, тек таңдамалы түрде, яғни бұзушылық сомасы жоғары тәуекел деңгейі санатына жататындарға жолданады деген сөз. Қазіргі таңда, ең жоғары тәуекелді бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар қойылады, тәуекел деңгейі төмен бұзушылықтар бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар (орындауға міндетті емес, ақпарат түрінде), аз ғана бұзушылық сомалары бойынша мүлдем жолданбайды.

Жалпы айтқанда, нақты сандармен келтіретін болсақ, өткен кезеңге барлық "белсенді", яғни айналымдары бар салық төлеушілер санынан тек әр оныншы салық төлеушіге ғана хабарлама жолданған.

– Хабарламаны орындамаған салық төлеушіге қандай зардаптары тиеді?

– Салық кодексіне сәйкес хабарлама орындамаған жағдайда салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы. Әрі қарай, орындалмаған хабарлама материалдарымен салық тексерісіне шығатын және салықтарды айыппұл шараларымен қоса есептейтін салықтық аудит қызметі айналысады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: