Павлодар облысында қант жеткізуші ЖШС-ға айыппұл салынды

Мониторинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 22:39 Сурет: pixabay
Кәсіпкер ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаментіне қант бағасына жүргізілген мониторинг кезінде сұралған мәліметті уақтылы ұсынбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монополияға қарсы департаменттің сұрауына "Риза-ПВ" ЖШС-ға қатысты ақпаратты уақтылы бермеу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп Pavlodarnews.kz құзырлы ведомства хабарламасын алға тартады.

Кәсіпорын құқық бұзушылық жасау фактісін мойындағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабы шеңберінде қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі қолданылды, ол 50% мөлшерде (Т153 150) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: