Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Zakon.kz
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы 16 наурызда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалдыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі
Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-тың қаражатын лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған іс бойынша "Kaspi" АҚ холдингінің акционері Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира және басқалар тергеуге тартылып жатыр.
Айта кетелік, Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript