Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда ҚТЖ филиалының директоры қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлық Сурет: rail-news.kz
Ол алаяқтық және сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды azh.kz.

Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин

Алдын ала мәліметтер бойынша, Сапаров алаяқтық жасаған және 22 қыркүйекте Атырау қалалық тергеу соты оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдаған. ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

Бізде ҚТЖ қызметінде бірқатар проблемалар бар. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мәселен, "ҚазТемірТранс" филиалының диспетчерлері мен басшыларының өтінімді қарауы және "Жүк тасымалдары" ҚТЖ филиалына өтінімді жолдауы сияқты маңызды кезеңдер ККЖ АБЖ-да ("ҚТЖ" ҰК" АҚ қазақстандық ұлттық тасымалдаушысының келісімшарттық және коммерциялық жұмысын автоматтандырылған басқару жүйесі – А.С. ескертпесі) автоматтандырылмағандығы анықталды. ҚТЖ тауар кассасы кәсіпкердің өтінімін алғаннан кейін "ҚазТемірТранс" диспетчеріне өтінімнің бар екендігі туралы ККЖ АБЖ арқылы емес, электрондық пошта арқылы хабарлайды. Әрі қарай вагондарды кімге тез беру керек, ал кімге бермеу керектігі - келісу және мәселені шешу жүргізіледі. Кәсіпкерлер бір уақытта өтініш беріп, вагондарды әр түрлі уақытта, біреулері бір күн ішінде, біреулері бірнеше күннен кейін алған фактілер бар, - дейді Жахин.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: