Самат Әбіш – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты. 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында және Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметінің академиясында оқыған. Еңбектегі ерекшелік және мінсіз қызметі үшін көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады