Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура: Самат Әбіш Қазақстанда жүр

Бас прокуратура, Самат Әбіш Қазақстанда жүр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 18:44 Сурет: gov.kz
Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Қазақстанда жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

"Самат Әбіш бүгінгі таңда Қазақстанда, оған ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат табысталған. Оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Дархан Дүйсембай. 

Айта кетсек, 19 қыркүйекте Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. ҚР Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

2023 жылы 5 қаңтарда Бас прокуратура Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты істе куәгер ретінде өтіп жатқанын хабарлаған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: