Жапонияда ұшатын қолшатыр ойлап тапты
Японская компания Asahi Power Services разработала зонт-беспилотник, который способен парить над своим владельцем, сообщает РБК со ссылкой на NHK.
Жапонияның Asahi Power Services компаниясы ұшатын қолшатыр ойлап шығарды. Яғни құрал иесінің төбесінде қалқып жүреді, деп хабарлайды РБК NHK жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Компания қолшатырдың екі прототипін әзірледі. Яғни ішіне орнатылған камера арқылы құрылғы иесін танып, жүру кезінде қолайсыз ауа-райынан қорғай алады.
Daily Mail деректері бойынша, қолшатырдың салмағы шамамен 5 кг болады және ол 20 минут үзіліссіз жұмыс істей алады. Кейін дизайнерлер қолшатыр салмағын 1 кг-ға дейін азайтып, ұшу уақытын бір сағаттан немесе одан да көп уақытқа ұзартуға үміттенеді. Алайда, ұшу уақыты ауа райына байланысты болады.
Қазіргі уақытта компания құрылғының үшінші моделін әзірлеп жатыр. Нарыққа бұл қолшатырлар екі жыл ішінде шығып, 275 доллар тұратын болады.